АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Еуропа мен Орталық Азия АИТВ пен АҚТҚ жұқтыру оқиғалары өршіп отырған өңірлерге айналуда. Бұл туралы бүгін БҰҰ Бас хатшысының Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы АИТВ пен АҚТҚ жөніндегі арнайы елшісі Мишель Казачкин мәлім етті.
Оның атап өтуінше, бүгінде әлемде АИТВ пен АҚТҚ жұқтыру, сонымен бірге осы аурудан өлу деректерінің төмендеу үрдісі байқалады.
«Ал бұл өңірде эпидемия жалғасып отыр. Бұған қоса, бұл эпидемия есірткі пайдалануымен байланысты және жұқтыру оқиғаларының шамамен 60 пайызы есірткіге тәуелділікпен не болмаса жыныстық қатынастардан туындайды», - деді М.Казачкин.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.