Бұл туралы Ресей гидрометерологиялық орталығына сілтеме жасаған РосбизнесКонсалтинг жазып отыр.
Африканың солтүстік-батысынан солтүстік-шығысқа дейін жалғасқан субтропикалық жота күннің күрт ысуына әсер еткен.
Лондонда корольдік сәби дүниеге келген 22 маусым күні жоғары температураның жаңа рекорды орнатылды. Көрсеткіш 33,2 градусқа жеткен (бұған дейін 1989 жылы орнатылған рекорд 32,4 градусты құраған).
Құрлықтық мемлекеттерде, әсіресе Испанияда, Франция мен Германияда ауа температурасы 37 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық сезілді. Жекелеген аудандарда оның орташа тәуліктік көрсеткіштері әдеттегі нормадан 10 градусқа еселенді.
Бүгінде Еуропада күн күрт ысып отыр. Францияда температура нормадан 10 градусқа жоғары болса, Испания мен Германияда көрсеткіш сәл төмендеу.