Радиостанция келтірген геодезистердің баяндамасына сәйкес, қазіргі уақытта таудың биіктігі 4 807,81 метрді құрайды, ал 2017 жылы Монбланның биіктігі 4 808,72 м болған. «Батыс Еуропаның төбесі осылайша 4 жыл ішінде бір метрге төмендеді», - деп атап өткен радиостанция.
France Bleu нақтылағандай, геодезиялық экспедиция 16-18 қыркүйек аралығында өткен. Мамандар таудың биіктігінің өзгеруі оның жоғары жағындағы қар жамылғысының азаюына байланысты деп түсіндіреді.18:29, 29 Қыркүйек 2021
Батыс Еуропадағы ең биік тау бір метрге төмендеді
ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Батыс Еуропадағы ең биік тау Монблан төрт жыл ішінде бір метрге төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат France Bleu радиостанциясына сілтеме жасап.