ОРАЛ. 13 тамыз. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының халқы 615,2 мыңға жетті.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, соның 300,4 мың немесе 48,8 пайызы қалалықтар болса, 314,8 мыңы немесе 51,2 пайызы ауыл тұрғындары болып отыр.
Облыс халқы биылғы бірінші жартыжылдықта 2626 адамға, әсіресе, қала тұрғындары 3339 адамға көбейсе, ауылдықтар 713-ке азайды.
Алты айда АХАЖ органдарында 5979 нәресте тіркелді, бұл өткен жылғыдан 6,1 пайызға көп. Дүниеден өткендер саны - 2920, бұл өткен жылғыдан 1,2 пайызға кем.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).