ОРАЛ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орынбор қаласында «Мы+Біз» атты жастар форумы өтіп, оған осы өлке мен Батыс Қазақстан облысынан жастар қоғамдық бірлестіктері, өзін-өзі басқару органдары, студенттік ұйымдар, «Жас Отан» және «Молодая гвардия» бастауыш партия ұйымдары, ұлттық-мәдени орталықтар өкілдері қатысты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Орынбор және Орал қаласының басшылары Юрий Мещеряков пен Самиғолла Оразов, Мәжіліс депутаты Елена Тарасенко, «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы төрағасының орынбасары Кенжебай Нығмет қатысқан жиында Жайық өзенінің экологиялық жағдайы, оны бірлесіп шешу жолдары кеңінен әңгіме болды.
Екі облыс жастары Қазақстан мен Ресей Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведевке Жайық өзенін құтқару қорын тездетіп құру мәселесін шешу жөнінде үндеу қабылдады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).