ОРАЛ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры өңір аудандарын гастрольдік сапармен аралап қайтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Театрдың, әсіресе, Ақжайық ауданындағы сапары сәтті өтті. Мұндағы ауылдарда театр әртістері Болат Ұзақовтың «Мезгілсіз келген махаббат» драмасын қойып, көпшілік қошеметіне бөленді. Театр әртістерінің тағы бір тобы Қаратөбе, Сырым аудандарында өнер көрсетті.
Бас режиссер Мұқанғали Томановтың сөзіне қарағанда, мұндай шара алдағы жылы да ұйымдастырылатын болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).