Батыс Қазақстан облыстық қазақ-түрік лицейінің шәкірттері жоғары білім деңгейін көрсетіп келеді
16:50, 09 Қаңтар 2009
ОРАЛ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Құрылғанына екі жыл болған Батыс Қазақстан облыстық дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының шәкірттері жоғары білім деңгейін көрсетіп келеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұдан бұрын да оқу орны шәкірттері облыстық қана емес, республикалық, халықаралық додаларда олжа салған болатын.
Биылғы оқу жылының өзінде лицейдің 39 оқушысы облыстық ғылыми жобалар сайысына әр пән бойынша 22 жоба ұсынды. Осының ішінен іріктелген сегіз жоба республикалық ғылыми жобалар жарысына жолданды.