Батыс Қазақстан облысы биылғы алғашқы жартыжылдық қорытындысы бойынша көш басына шықты

None
ОРАЛ. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысы биылғы алғашқы жартыжылдық қорытындысы бойынша республика өңірлерінің рейтингісінде көш басына шықты.

Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, барлығы 24 позициядан тұратын рейтингтің басым бөлігінде БҚО бірінші орында тұр. Әсіресе, экономикалық даму көрсеткіштері, бюджет қаржысын орынды игеру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, халықтың қаржылай кірісі, өндірісті өркендету, құрылыс, жұмыссыздықты азайту, қылмыспен күрес, ана өлімін болдырмау, мектепалды даярлықпен қамту секілді позициялар бойынша нәтиже өте жақсы.

Бұған дейін облыс орталығы Орал қаласы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша қалалар арасындағы рейтингте Астанадан кейінгі екінші орынға табан тіреген болатын.