БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы міндетін атқарушы Арман Қалибековтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, соның ішінде қаңтарда – 28, ақпанда – 15, наурызда – 30, ал сәуір айында 32 адам өмірден өтті.
Қайтқандардың 58-і – әйел, 49-ы – ер адамдар.
Арман Талғатұлының сөзіне қарағанда, 104 науқаста, яғни 98 пайызында созылмалы ауруы болған. 75 пайызы жүрек-қан тамырлары аурулары, 13 пайызы қант диабеті, 12 пайызы басқа дертпен ауырған.
Өңірде осы кезге дейін 19030 адам індет жұқтырса, соның 78 пайызы (14891-і) жазылып шықты. Облыста барлығы 276 коронавирустан қайтты.
Күні бүгін 195 төсектік 4 карантиндік стационарда 19 науқас ем қабылдауда.
«Қазіргі кезде 1115 төсектік 11 инфекциялық стационарда 603 адам емделуде. Соның ішінде 40 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Бұлардың дені – егде жастағы адамдар. Атап айтқанда, екеуі – 50-ге жетпеген, төртеуі – 50-60, 23-і – 60-80 жас аралығындағылар, 11-і – сексеннен асқандар. 32-сінде созылмалы сырқаттары (23-інде – жүрек-қан тамырлары аурулары, 9-ында – қант диабеті) бар», деді А.Қалибеков.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда биыл 720 баланың коронавирус жұқтырғанын, 6 мектептің карантинге жабылғанын жазған болатынбыз.