Батыс Қазақстан облысында 750 гектар шабындық жер жанып кетті

АСТАНА. 15 маусым. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 750 гектар аумақта шабындық жерлер жанып кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

13 маусым күні Батыс Қазақстан облысының Жанғалы ауданында шабындық жерлер өртене бастады: Зейнеп-Құдықта - 190 га, Қаражігітте - 195 га, Масқарда - 180 га, Масқар 2-де - 185 га және т.б. Өрт 14 маусым күні сөндірілді. Оның жалпы аумағы 750 га жерді құрады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп нақтылады құтқарушылар.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Батыс Қазақстан облыстық ТЖД өртке қарсы қызметінің 6 адамы мен 2 техникасы, Пятимар ауылдық округінің ерікті өрт жасақтарының 20 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.