ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында алдағы үш күнде қатты ыстық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 5-7 шілде күндері облыстың оңтүстігінде 40-42 градус ыстық болуы ықтимал.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралардың алынып жатқандығын хабарлады.
Өңірде бірнеше күннен бері күн ысып тұр.
ТЖ департаменті күннің қатты ысуына байланысты өрт қаупінің де күшейіп отырғандығын жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын алдағы үш күн Атырау облысында 42 градусқа дейін аптап ыстық болатынын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).