Батыс Қазақстан облысында балабақшамен қамту деңгейі 95 пайызды құрады
13:41, 16 Қазан 2013
АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - БҚО-да 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 95 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.
«Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және осы орайда «Балапан» бағдарламасының аясында салынып жатқан балабақшалар, мемлекеттік-жеке меншік серіктестік ұстанымымен іске асырылып отырған жеке балабақшалардың үлесі зор», - деді әкім.