найзағай күтілуде, жел күшейіп, батыста бұршақ түсуі мүмкін, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасап, ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Ақмола облысында кейбір жерлерде желдің 18 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі, түнде кейбір жерлерде тұман түседі.
Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының жекелеген аудандарында жел 15-23 м/с-қа дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысында кейбір жерлерде бұршақ түсуі мүмкін, желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде Солтүстік Қазақстан облысында кейбір жерлерде тұман түсуі ықтимал.
Қызылорда облысында, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында төтенше жоғары өрт қауіптілігі сақталады.
Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кейбір жерлерінде күн қатты ыстық болады деп күтілуде.
Жақын тәулікте Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейлерінің ауытқулары байқалады.