Дәлірек айтқанда, Подстепное ауылы - Федоровка ауылы (0-37 шқ) және Бөрлі ауылы - РФ шекарасы (96-135 шқ) учаскелерінде көлік қайтадан жүре бастады. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді, байланыс телефоны (7172) 44-46-85. Сонымен қатар, жолдар жөніндегі шұғыл ақпарат www.mtk.gov.kz, www.kad.gov.kz, www.kazavtodor.kz сайттарында жарияланады.