Батыс Қазақстан облысында көктемгі құс аулау маусымы басталды
19:16, 07 Сәуір 2012
ОРАЛ. 7 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Батыс Қазақстан облысында көктемгі құс аулау маусымы басталды.
21 сәуірге дейін созылатын науқан кезінде жабайы үйректің тек аталығын атуға рұқсат етіледі. Аңшылар жолдаманы облыстық орман және аң шаруашылығы аумақтық инспекциясынан алады.
Облыстық ішкі істер департаменті табиғатты қорғау және ветеринарлық полициясынан түскен мәліметке қарағанда, жолдамасыз суда жүзетін аң-құстарды (үйректен басқалары) атқан жағдайда кінәлі азаматтар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 298-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.