АСТАНА. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында құдыққа құлаған кішкентай бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 14 маусым күні Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында болды.
«Шамамен сағат 22.00-де 2021 жылғы 6 шілдеде дүниеге келген ұл бала Ғ. Қараш көшесі, 61 мекенжайы тұсында тереңдігі 2 метр, ашық жатқан, су толы құдыққа құлап кеткен. Бала Жәнібек аудандық орталық ауруханасына жеткізілгенмен, есін жия алмастан қайтыс болды. Қазіргі кезде аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады ведомстводан.
Тұрғындардың айтуына қарағанда, бала аудан әкімдігі ғимаратының артында орналасқан құдыққа түсіп кеткен.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).