Батыс Қазақстан облысында мектеп түлегі суға кетті

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында мектеп түлегі суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін Қаратөбе ауданында болған.

Сағат 17.55-те102 телефонына ауылдардың бірінде мектепті биыл бітірген 2003 жылғы түлектің суға кеткені жөнінде хабар келген.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы аттанды.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, мәліметтің кейін берілетінін жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 17 жасар жасөспірімнің суға кеткенін, Оралда аурухана жертөлесінде өрт шығып, 28 науқастың эвакуацияланғанын жазған болатынбыз.