Батыс Қазақстан облысында осы сағатта көлік қатынасына шектеу жоқ - ККМ

АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - 2011 жылғы 8 сәуірде сағат 16.00-ден бастап Батыс Қазақстан облысында Подстепное - Федоровка - РФ шекарасы автожолының бұдан бұрын жабық деп жарияланған екі учаскесінде жол ашылды,

деп хабарлады ҚР көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі. Дәлірек айтқанда, Подстепное ауылы - Федоровка ауылы (0-37 км) және Бөрлі ауылы - РФ шекарасы (96-135 км) учаскелерінде көлік қайтадан жүре бастады.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді, байланыс телефоны (7172) 44-46-85. Сонымен қатар, жолдар жөніндегі шұғыл ақпарат www.mtk.gov.kz, www.kad.gov.kz, www.kazavtodor.kz сайттарында жарияланады.