«Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда ауылында тұрғын үйі апатты және тұруға жарамсыз деп танылған 30 отбасы анықталды. Жаңа 24 тұрғын үйдің (оның ішінде 18 бір пәтерлі және 6 екі пәтерлі) құрылысы басталды. Батыс Қазақстан облысында Бөрлі ауданындағы 20 бұзылған үй (Ақбұлақ ауылы – 7, Кеңтүбек ауылы – 5, Пугачево ауылы – 4, Қызылтал ауылы – 3, Аралтал ауылы – 1) бойынша келтірілген залалды бағалау аяқталды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын осы жылдың мамырында бастау жоспарланып отыр», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары жауабында.
13:15, 02 Мамыр 2023
Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан бұзылған 20 үйді жөндеу жұмыстары басталады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқынынан бұзылған 20 үйді жөндеу жұмыстары осы айда басталады. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.