Батыс Қазақстан облысында тағы бір жол жабылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында тағы бір жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Төтенше жағдайцар департаментінен түскен мәліметке қарағанда, көктайғаққа байланысты бүгін түнгі сағат 01.30-дан бастап облыстық маңызы бар Чапаев-Жаңақала-Бисен жолы барлық көлік түрлері үшін жабылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жолдар жабылғанын жазған болатынбыз.

Кеше кешкісін республикалық маңызы бар Орал-Атырау, Орал-Тасқала, Самара-Шымкент бағытындағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылған еді. Бүгін таңғы сағат 08.00-ден бастап бұл жолдар ашылды.