Батыс Қазақстан облысында жел күшейіп, боран соғады

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 18 желтоқсан күні өңірдің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Күндіз боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Орал қаласында да осындай ауа райы орын алмақ, желдің екпіні секундына 18 метрге жетуі мүмкін.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да тағы бір жолдың жабылғанын жазған болатынбыз.