«Батыс Қазақстан облысының Новопавловка ауылдық округі мен Новопавловка ауылының атауы Құмақсай ауылдық округі, Құмақсай ауылы болып өзгертілсін. Бұл шешім облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде халықтың пікірі ескеріле отырып қабылданды», - делінген облыстық әкімді пен маслихатының бірлескен шешімінде.
Қоса кетсек, бұл уақытқа дейін Ақмола облысының Бурабай ауданына қарасты Красный кордон ауылының атауы Аққайың болып өзгертілген еді.
Сонымен қатар, таяуда Атырау облысында Ресеймен шекарадағы екі ауылға Бөкей ханның есімі берілгенін хабарлаған болатынбыз.