Батыс Қазақстан облысының медициналық мекемелерінде бірінші кезекте қажетті дәрі-дәрмектердің қоры құрылды
16:01, 16 Сәуір 2011
АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының медициналық мекемелерінде бірінші кезекте қажетті болатын дәрі-дәрмектің қоры құрылды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Су басқан аумақтардан көшірілген азаматтар үшін тамақтану ұйымдастырылды. 15 сәуірден бастап Орал қаласындағы Құрманғазы көшесі бойында орналасқан бұрынғы төртқабатты балалар емханасы ішінен қосымша қауіпсіздік пункті ашылды. Ол жылу, жарық, төсек-орынмен толықтай қаматамасыз етілген.