Батыс Қазақстан облысының полицейі параны қалай алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыйблас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аудандық полиция қызметкерінің парамен қалай ұсталғанын көрсетті, деп xабарлайды ҚазАқпарат. 

Агенттіктің ресми өкілі Жанна Бастарованың айтуынша, өткен демалыс күндері Батыс Қазақстан облысындағы Тасқала аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары парамен ұсталды. Ол қылмыстық істі қысқарту үшін 100 000 теңгені талап еткен.

«Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексiнің 128-бабына сәйкес күдікті қамауға алынған жоқ.Аталған факті бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының  Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы (пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деді Ж.Бастарова Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, Алматы қаласында көші-көн қызметкерлері делдал арқылы шетел мигранттарын заңсыз рәсімдеп келді. Қылмыстық топта облыстық басқар қызметкерлері де болған. Бүгінде барлығы қолға түсті. Екеуіне қатысты сот шешімі шықты.