Батыс Қазақстанда 100 келіден астам есірткі заңсыз айналымнан алынды
16:42, 21 Желтоқсан 2013
ОРАЛ. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері құқық қорғау органдары 141 есірткі қылмысын әшкереледі.
Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, соның ішінде 115-і есірткі затын тасымалдау және өткізу мақсатында сатумен, үшеуі есірткі контрабандасына байланысты, оған қоса 1 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.
Заңсыз айналымнан 100 келіден астам есірткі заты алынып, 114 келі есірткі жойылды.