Батыс Қазақстанда 11 223 заңбұзушылық анықталды

None
ОРАЛ. 26 шілде. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы бірінші жартыжылдықта әлеуметтік-эко­номикалық сала бойынша 341 тек­серу жұмысы жүргізіліп, 11 223 заңбұзушылық анықталды.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, осыған орай 153 наразылық қанағат­тан­дырылып, 34 ұйғарым орындалған. Жыл басынан бері 592 ұсыныс қаралып, 334 заңға түсіндірме бе­ріл­іп, 773 заңсыз акті бұзылды. Соның ішінде нор­мативтік-құқықтық сипаттағы жеті акті өзгертіліп, тұлғалардың конституциялық құқығын қозғайтын екі заңсыз акті бұзылды. Сөйтіп, 27373 азаматтың конституциялық құқығы қорғалды. Бұл ретте 896 тұлғаға тәртіптік, 1113 адамға әкім­­шілік жаза қолданылып, 107 құ­қық бұзушы материалдық жауапкер­шілікке тартылды және үш мил­лион теңгеге  12 талап қанағаттан­дырылды. Сондай-ақ 7 қылмыстық іс қозғалып, 1,1 млрд. теңгенің залалы өндірілді.

Жыл ішінде  еңбекақы төлеудегі берешек 70 млн. теңгеден 7 млн. тең­геге  дейін төмендеді. Осы бағытта атқарылған жұмыс нәтижесінде 5137 қызметкерге 365 млн. теңге мөл­­­шеріндегі еңбекақысы төленіп, жұ­мыс­­шыларға жалақыларын уақ­тылы төлемеген 5 жұмыс берушіге айыппұл салынды.

Прокуратура қызметкерлері кә­сіп­керлер құқығын қорғау бағыты бойынша да біршама шаруа тын­дырған. Олар көрсетілген мерзім аралығында 41 кәсіпкерді бақылау­шы органдардың заңсыз әрекет­те­рінен қорғап, заңсыз жоспар­лан­ған 298 тексеруге тыйым салды. Про­­­курордың наразылығы бойынша көптеген тұтынушыны есептегіш құ­-
ралдарын ауыстыруға мәжбүр­леген «Батыс Қазақстан электр же­­лілерін таратушы компаниясы» АҚ-ның заңсыз әрекеттері тоқта­тылды. Сон­дай-ақ «Балалар - біздің бола­шағымыз» атты республи­калық бағдарламаны жүзеге асыру аясында аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төленіп, нә­тижесінде 14919 кәмелетке тол­маған баланың конституциялық құ­қығы қорғалды.

Облыс прокуратурасының бастамасымен ұйымдастырылған  «Бюд­жеттің толығуы - тұрақтылықтың кепілі» атты айлық та жақсы нәти­же берді. Құқық қорғау және бас­қа да мемлекеттік орган қыз­мет­керлерінің қатысуымен өткізіл­­ген ша­ра барысында сот акті­ле­рін орындау бойынша әкімшілік айып­пұл­дар өндіріліп, нәтижесінде 20 млн.
теңгеден астам қаржыға 1 500 құ­жат аяқталды. Прокуратура қызметкерлерінің мәлімдеуінше, биыл облыс көлемінде қылмыс 84,3 пайызға көбейген. Оның ішінде ауыр қылмыс 43,8 пайызға, ал аса ауыр қылмыс түрі 24,3 пайызға өскен. Өткен кезеңде прокурорлар 45, соның ішінде 6 ауыр қылмысты анықтап, есепке алды. Бұл ретте бірде-бір қылмыстық іс ақтайтын негіздер бойынша қысқартылма­ған. «Прокурорлар кабинетінің» мүм­­­­кіндігін тиімді қолдану ІІБ-ның қызметтік кеңселерінде заңсыз ұсталған 19 азаматтың конститу­ция­лық құқығын қорғауға септігін тигізді. 12 лауазымды тұлға тәр­тіптік жауапкершілікке тартылды. Азаматтардың конституциялық құ­қықтарының бұзылуы жағдаяты бойынша 5 қылмыстық іс, соның ішінде арнайы прокурормен қинау фактісі бойынша БҚО ІІД-ның 5 қызметкеріне қатысты  қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қыл­мыстық іс өндірісте.