Батыс Қазақстанда 1332,4 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді

None
ОРАЛ. 13 қараша. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы он айда 1332,4 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді, бұл өткен жылғыдан 4,2 пайызға артық.

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, соның ішінде кен өндіру өнеркәсібіндегі өнім көлемі 1225,5 млрд. теңгені құрап, өткен жылғыдан 5,2 пайызға асып түсті. Әсіресе, табиғи газ өндіру 10,5, газ конденсаты 3,8 пайызға артты.

Өңдеу өнеркәсібінде 81,3 млрд. теңгенің өнімдері шығарылды, бұл өткен жылғыдан 8,6 пайызға аз. Соның ішінде мұнай өнімдерін өндіру 32,3, машина жасау 20,3, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру 17,3, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру көлемі 10, тоқыма бұйымдарын өндіру 8,6 пайызға төмендесе, есесіне  дайын металл бұйымдарын өндіру 1,5, металлургия өнеркәсібі өнімдері 1,4 есеге, тамақ өнімдерін өндіру 12,5, сусындар 11 пайызға өсті.