ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 150 тонна пішен өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 2 қараша күні кешкісін Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылында болды.
Сағат 21.13-те «Жарас» агрофирмасы» шаруа қожалығының ашық алаңында үйілген 150 тонна шөбінің жанып жатқаны жөнінде хабар түскен.
Өрт аумағы шамамен 500 шаршы метрді қамтыды.
Өрт сөндірушілер пішеннің ық жақтағы бөлігін көшіріп, жанудан аман алып қалды.
«Тілсіз жау» сағат 23.40-та оқшауланып, бүгін 00.18-де ауыздықталды.
Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталып жатыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).