ОРАЛ. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында қазанның 1-і күнгі мәлімет бойынша жұмыспен қамту органдарында 2099 адам есепте тұрады, экономикалық белсенді тұрғындар санына шаққанда жұмыссыздар үлесі 0,6 пайызды құрайды, бұл өткен жылғыдан 0,2 пайызға төмен.
Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, өңір халқын жұмыспен қамтудың 2008-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасына сәйкес биылғы тоғыз айда 2010 жылға жоспарланған 6115-тің орнына 6160 жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар «Жол картасы» бойынша 5130 жұмыс орны ашылды.
Жыл басынан бері 16617 адам, соның 13697-сі жұмыспен қамту орталықтары арқылы өз орнын тапты. Соның ішінде 3893 адам «Жол картасына» сәйкес нәпақасын айыруда. Әлеуметтік жұмыс орындарына - 1960, жастар тәжірибесіне 1208 адам жіберілді. Шағын бизнеске 2920 адам орналастырылды.
Аймақтық бағдарламада көзделген 1088-дің орнына 901 әлеуметтік жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ 6152 адам (бағдарламада жоспарланғанның 90 пайызы) ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілді.
Кедей отбасылар саны - 1872, бұл көрсеткіш өткен жылғыдан 1159 отбасыға кеміді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).