ОРАЛ. Қазанның 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы тоғыз айда 17,2 млн. тонна жүк тасылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Осы жүктің дені автомобильмен тасылса, 110 мың тоннасы ғана өзен көлігінің үлесіне тиеді. Жыл басынан бергі жүк айналымы көлемі 876,2 млн. тонна-шақырымды құрап, өткен жылғыдан 11,2 пайызға төмендеді. Ал жолаушылар айналымының көлемі 2,2 пайызға өсіп, 2737 млн. жолаушы-шақырымға жетті. Қыркүйек айындағы бұл көрсеткіш 348,1 млн. жолаушы-шақырымды құрап, өткен жылғы осы айдағыдан 5,6 пайызға артты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).