Батыс Қазақстанда 17 мұражай жұмыс жасайды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстың бас мұражайы - облыстық тарихи-өлкетану мұражайының сегіз филиалы, соның ішінде Сәкен Ғұмаров, Емельян Пугачев, Сырым Датұлы, Қаратөбе, Дина Нұрпейісова атындағы Жаңақала, Қазталов ауданындағы Көктерек мұражайлары бар. Мұражай мен филиалдарын ұстауға бюджеттен жыл сайын 50 млн. теңге бөлінеді. Облыстық мұражай директоры Әбіл Жоламановтың айтуынша, барлығы 108 адам жұмыс жасайды. Мұражайда 100 мың экспонат сақтаулы. Соның ішінде сақ тайпаларының алтын және күміс бұйымдары, Алтын орда дәуіріндегі қару-жарақ, тұрмыстық заттар аса құнды болып есептеледі. Бөкей ордасы тарихи-мұражайлық кешенінде де осындай бағалы жәдігерлер баршылық.
Орал қаласындағы табиғат және экология мұражайын ұстауға мемлекет тарапынан жыл сайын 5,6 млн. теңге беріледі. Жеке отау ретінде бөлініп шыққан Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың мұражай-үйі де жас ұрпаққа отаншылдық рухта тәрбие беріп келеді. Оралда сондай-ақ Ғ.Тоқай атындағы және «Ескі Орал» деген екі жеке мұражай бар.