ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 17 жасар жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін Теректі ауданы Подстепный ауылындағы Ядовитая өзенінде болды.
Сағат 17.30-да шомылуға тыйым салынған жерден түскен 2004 жылғы жасөспірім белгісіз жағдайда батып кеткен.
Марқұмның денесі сағат 18.33-те судан шығарылды.
Оқиға орнында жедел құтқару жасағы (6 адам, 1 техника), аудандық ТЖ бөлімі (1 адам, 1 техника) қызметкерлері жұмыс жасады.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс жасап жатқанын жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да екі адамның суға кеткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).