ОРАЛ. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы төрт айда 201,8 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Осының 175,3 млрд. теңгесі кен өндіру өнеркәсібінің үлесіне тиеді. Жыл басынан бері 3953,0 мың тонна газ конденсаты, 5175,9 млн. текше метр табиғи газ, 116,3 мың тонна шикі мұнай өндірілді. Ал 18,8 млрд. теңге өңдеу өнеркәсібінің еншісінде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).