ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 220 164 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентімен егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, бұл – облыс бойынша егілуге жататын тұрғындардың 61,2 пайызы.
Өткен тәулікте өңірде 560 адам вакцинаның І компонентін қабылдады. Соның ішінде 10 педагог, 7 медицина қызметкері, 7 студент, басқа да сала өкілдері бар. Сондай-ақ созылмалы сырқаты бар 28 адам егілді.
Тұрғындарды вакцинациялау қаладағы емханалар мен аудандардағы ауруханаларда, оған қоса жылжымалы кешендерде жүргізілуде.
Облыста вакцинация мәселелері бойынша 24-00-06 call-орталығы жұмыс істейді. Сонымен қатар қажетті ақпаратты stopcovid.kz сайты арқылы табуға болады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтырған 40-қа жуық науқастың ауыр халде жатқанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).