ОРАЛ. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы бірінші жартыжылдықта 32,2 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды, бұл өткен жылғыдан 23,2 пайызға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, биылғы алты айда 638 жаңа ғимарат пайдалануға берілсе, соның 520-сы - тұрғын үйлер.
Бірінші жартыжылдықта тұрғын үй құрылысына 3,5 млрд. теңге жұмсалды. Жалпы көлемі 76,1 мың шаршы метр тұрғын үй беріліп, өткен жылғыдан 36,1 пайызға асып түсті. Жергілікті бюджет қаржысына 20,5 мың шаршы метр, тұрғындар есебінен 55,6 мың шаршы метр үй бой көтерді.
Жыл басынан бері төрт денсаулық сақтау нысаны салынды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).