Батыс Қазақстанда 400-ден астам науқас инфекциялық стационарларда емделіп жатыр

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған 401 адам 1123 төсектік 18 инфекциялық стационарда емделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, соның ішінде Орал қаласындағы 600 төсектік 5 стационарда 325 адам жатыр.

Атап айтқанда, 350 төсектік облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 215 пациент болса, 200 төсектік модульдік ауруханада 162 науқас ем қабылдауда. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының 150 төсектік 2 корпусында 53 адам орналастырылған. 25 науқас жансақтау бөлімшесінде.

Өңірде резерв ретінде 1444 төсек-орын (679-ы инфекциялық, 765-і карантиндік) әзірленді.

Басқарма мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері 12922 адам коронавирус жұқтырса, соның 56,6 пайызы (7325-і) Орал қаласында, 13,5 пайызы (1757) Бәйтерек, 11 пайызы (1425) Бөрлі ауданында тіркелген.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда мың адамның індетке қарсы екпе салдырғанын, соңғы төрт күнде 340-қа жуық адамнан коронавирус анықталғанын жазған болатынбыз.