Батыс Қазақстанда 43 мешіт қайта тіркеуден өтті
Оның айтуынша, өткен жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң бойынша Қазақстанда діни бірлестіктер мен ұйымдар 2011 жылғы 25 қазаннан бастап бір жыл бойына қайта тіркеуден өтті. Қазақстанда діни ұйымдарды тіркеу қайта тіркеу нәтижесінде 17 конфессияға жататын 3088 діни бірлестік қайта тіркелді. Оның ішінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) ислам діни бірлестігі ретінде, ал оған қарасты 2228 мешіт басқарманың аймақтардағы филиалдары ретінде тіркелді. Осылайша республикада біртұтас ислам ұйымы қалыптасты. ҚМДБ республикадағы исламның тарихи ерекшелігін ескере отырып, исламның сүнниттік бағыттағы Әбу Ханифа мазхабын және имам Матрудидің діни ілімін насихаттай беретін болады. Облыс көлемінде жаңа заң талабына сәйкес діни бірлестіктер мен діни қызметті қайта тіркеу аяқталды. Атап айтсақ, ҚМДБ-ға қарасты 43 мешіт қайта тіркеуден өтті.
«Қазақстан - көп ұлтты және көп конфессиялы мемлекет. Мұндағы кез келген азамат өз сенімін ұстанып қана қоймай, діни еркіндікке құқылы. Алайда ұйым құрамын десең, заң талабына сәйкес мемлекеттік сараптамадан өтуге тиіссің.
Қазақ жеріндегі сүттей ұйыған бүгінгі бірлік-берекені кез келген ұлт өкілі мақтан тұтады. Әрі құрметпен қарайды. Соның бір дәлелі - діни бірлестіктерді қайта тіркеу туралы заңды қолдай отыра, жуырда біз өз облысымыздағы бірлестіктерімізді еш кедергісіз қайта рәсімдедік. Жалпы, діни қызметке қатысты жаңа заң араздық пен алауыздықтың алдын алып, көп ұлтты, көп дінді Қазақстан халқының ырыс-ынтымағына ұйытқы болады деп сенемін», деді Б.Әлиұлы.