Батыс Қазақстанда 49 инновациялық жоба жүзеге асырылуда
13:02, 25 Желтоқсан 2009
ОРАЛ. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 49 инновациялық жоба жүзеге асырылып, жатса, соның сегізі - ірі жобалар,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің сөзіне қарағанда, оннан астам жоба азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Айталық, Зеленов ауданы Янайкин ауылында 8640 бас ірі қара бордақыланатын кешен салынуда. Таяуда Теректі ауданы Пойма ауылында өсімдік майын өндіретін зауыт, Зеленовтың Белесінде тәулігіне 150 тонна ұн тартатын диірмен пайдалануға берілді.
Елбасы тапсырмаларына сәйкес облысты газдандыру, балабақшаларды көбейту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету сынды басым бағыттар аясында нақты жұмыстар атқарылуда. Мәселен, алдағы жылдың орта тұсында Сырым ауданына газ жеткізу көзделіп отыр. Одан кейін Қаратөбеге жетеді. Басқа да жобалар ретімен жүзеге аспақ.