ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында оқушы бала қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО Білім басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 20 мамыр күні Теректі ауданы Сәрсенов ауылында болды.
Шамамен сағат 21.00-де Шөптікөл негізгі орта мектебінің 5-сынып оқушысы өз үйінің шатырынан асулы күйінде табылды.
Анықталғандай, ол көпбалалы және толық емес отбасында тәрбиеленген.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен ақпаратқа қарағанда, аталған дерек бойынша Теректі ауданының полиция бөлімі тергеу жүргізуде.
Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Өлімнің себебін анықтау үшін мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).