Батыс Қазақстанда 5088 адам жұмысқа орналасты

None
ОРАЛ. 26 маусым. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы бес айда 4225, соның ішінде экономикалық қызмет түрлері бойынша: ауыл, орман және балық шаруашылығында - 659, өнеркәсіпте - 162,

құрылыста - 575, көлік және қоймалауда - 235, көтерме және бөлшек саудада, авто және мотоцикл жөндеу - 562, білім беру - 203, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерде - 208, экономикалық кызметтің басқа салаларында - 514, уақытша және маусымдық жұмыстарда  1107 жұмыс орны ашылды. Жұмыс орындарының 2135-і (50,5 пайызы) - ауылдық жерде.

Жыл басынан бері 5088 адам, соның ішінде 3403-і  жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасты. Шағын бизнесте 1685 адам еңбек орнын тапты.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 4637 адам жіберілді.

Техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарын бітірушілерді жұмыспен қамту мақсатында жастар тәжірибесіне 854 адам жолданды, соның ішінде «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында - 760 адам.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 2114 адам, соның ішінде 1731-і «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына сәйкес орналасты.

Кедей отбасылар саны 2012 жылғы 1 маусымдағы дерек бойынша өткен жылғыдан 220-ға азайып,  1387 болды.