ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 57 науқас стационарларда емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, қазіргі кезде өңірде 504 орындық 9 жұқпалы аурулар ауруханасы жұмыс жасауда.
Стационарлар 11,3 пайызға толған. Соңғы тәулікте 55 адам коронавирус жұқтырды.
Облыста 858 адам індеттен көз жұмды.
Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, өңірде 414 389 адам вакцина алуы тиіс болса, соның 256 651-і екпе қабылдады.
Орал қаласында 224 092 тұрғынның 131 287-сі вакцина алды.
Облыста вакцинация одан әрі жалғасуда.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 5,2 пайызға төмендегенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).