ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 61868 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 23146 адам екпенің екінші компонентін алды.
Өңірде тұрғындарды вакциналау жұмыстары жалғасуда.
Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, соңғы тәулікте 97, бір аптада 739 адам коронавирус жұқтырды.
Пневмонияға шалдыққан 394 адам стационарда ем қабылдауда.
Инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына 4, инвазивті емес осындай құрылғыға 13, оттегі концентраторына 22, орталықтандырылған оттегі көзіне 104 адам қосылған.
Күні бүгін 1123 төсектік 18 инфекциялық стационарда 488, соның ішінде 32-сі жансақтау бөлімінде жатыр. Сондай-ақ 195 төсектік 4 карантин стационарында 9 адам емделуде.
Жыл басынан бері 930 баладан коронавирус анықталды.
Ірі кәсіпорындардан биыл «Жайықмұнай» ЖШС-дан 38, «ҚПО б.в.» компаниясынан 130 адамнан індет табылды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да соңғы төрт тәулікте 440 адамнан коронавирус табылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).