Батыс Қазақстанда 7,8 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды

None
ОРАЛ. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы бірінші тоқсанда 7,8 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды.

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, бұл өткен жылғыдан 12,2 пайызға аз. Жыл басынан бері өңірде 242 жаңа ғимарат пайдалануға берілді.

Үш айда тұрғын үй құрылысына 582,5 млн. теңге жұмсалды. Бірінші тоқсанда 17214 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл өткен жылғыдан 24,5 пайызға кем. Дегенмен облыстың алты ауданында тұрғын үй салу көбейіп отыр. Тұрғын үйдің жартысына жуығы немесе 46 пайызы Орал қаласының үлесіне тиеді.