ОРАЛ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - ҚР Әділет министрлігі жауапты хатшысының бұйрығымен ротация тәртібімен Бақытбек Ерғалиев Батыс Қазақстан облысы әділет департаментінің бастығы болып тағайындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
1954 жылы дүниеге келген Б.Ерғалиевтің мамандығы ? заңгер. Еңбек жолын Қызылорда облысында бастап, облыс прокурорының бірінші орынбасарлығына дейін көтерілген ол содан соң Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының прокуроры болды. Соңғы бес жылда Қызылорда облыстық әділет департаментін басқарды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).