Батыс Қазақстанда «Ақ бұлақ» бағдарламасына сәйкес биыл 9 нысан іске қосылмақ
12:57, 08 Тамыз 2012
ОРАЛ. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша жоспарланған 12 сумен жабдықтау нысанының 9-ы биылғы жыл ішінде іске қосылады.
Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың сөзіне қарағанда, сонымен қатар 2012 жылға жаңадан 7 нысан жоспарланып отыр. Осының аясында 14 мыңға тарта адам сумен қамтылатын болады.