Батыс Қазақстанда алты мыңнан астам түлек мектеп бітіріп, өмірге жолдама алып отыр

None
ОРАЛ. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Маусымның 19-ында Орал қаласындағы орталық Абай алаңында мектеп бітірушілердің салтанатты кеші өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық білім басқармасынан түскен мәліметке сілтеме жасап.

Оған облыс пен қала басшылары, соғыс және еңбек ардагерлері, ата-ана, ұстаздар және ең бастысы, биылғы түлектер қатыспақ. Соның ішінде 122 «Алтын белгі» иегері мен 125 балл жинаған тоғыз түлек пен олардың ата-аналарына, 100 балдан жоғары көрсеткішке қол жеткізген 16 мектепке облыс әкімінің алғысхаттары мен сыйлық кітаптар тапсырылмақ. Сондай-ақ ерекше аттестатты иеленген 56 түлектің ата-анасына аудан, қала әкімдерінің алғысхаттары табыс етілмекші. Осы күні облыстың барлық мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі өткізілмекші.

Биыл облыс бойынша 6027 түлек мектеп бітірсе, соның 4991-і ҰБТ-ға қатысып, орташа 86,55 балл жинаған болатын.