30 мамыр - 1 маусым аралығында күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 31-36°С қатты ыстық күтіледі.
30 мамырда Маңғыстау облысының кей жерлерінде нөсер жауын жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Осы күні Ақтау қаласында қатты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.
30 мамыр таңертең және күндіз, 31 мамыр және 1 маусымда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. 30 мамыр күндіз, 31 мамыр-1 маусым күндері оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады. Жел қарқыны кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді. 31 мамыр-1 маусымда кей жерлерде дауыл соғып, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.