ОРАЛ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Шілденің 7-сінде Орал қаласы маңындағы «Тополек» саяжай қоғамынан артиллериялық снарядқа ұқсас зат табылғаны жөнінде В.Юдаева деген азаматшадан хабар түскен.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, жедел топ өкілдері барып тексергенде, мұның бас жарылғышы жоқ, диаметрі 76 мм және ұзындығы 223 мм артиллериялық снаряд екендігі анықталды.
Қауіпті «олжа» Бортау елді мекенінен үш шақырымдай тысқары жерде жойылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).