ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында «Бекет-2022» кешенді оқу-жаттығуы өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім еткеніндей, оқу-жаттығу барысында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері дағдарыстық жағдайды еңсеруді, сондай-ақ сырттан қауіп төнген кездегі әр түрлі сценарийлерді пысықтайды.
Іс-шараларға Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Ұлттық экономика, Денсаулық сақтау, Қаржы, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің, ҰҚК Шекара қызметінің және Ұлттық ұланның жедел топтары қатысуда.
«Кешенді оқу-жаттығу ведомствоаралық өзара іс-қимыл деңгейін, жергілікті атқарушы органдар іс-қимылының үйлесімділігін арттыруға, бірлескен тапсырмаларды орындау арқылы жеке құрамның машығын жетілдіруге бағытталған», деп хабарлады ведомстводан.
Фото : gov.kz
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).