Батыс Қазақстанда ауа райы бұзылмақ

None
ОРАЛ. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 23-24 сәуір күндері кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, найзағай ойнамақ.

БҚО төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағанындай, солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетпек. Осыған орай аталмыш департамент ескерту жариялап, тұрғындар арасында төтенше жағдайдың орын алмауы, өмірлік маңызы зор нысандардың, электр және байланыс жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі үшін тиісті шаралар алынуда.